Жамбыл облысында есірткі затын заңсыз егіп, өсірген азамат 4 жылға сотталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 2-бөлігінің 3-тармағы және 296-бабының 4-бөлігімен көрсетілген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған (есірткі затын заңсыз егіп, өсірген) сотталушы Ч.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Қылмыстық іс құжаттарынан 2016 жылдың қыркүйек айының 21 күні жедел іздестіру шаралары жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен Жамбыл ауданына қарасты сотталушы Ч.-ге тиесілі үйдің бақшасынан заңсыз еккен 38 түп есірткі заты тауып алынған.

Сот сараптама қорытындысы бойынша Ч.-дің бақшасынан табылған 38 түп өсімдік есірткі заты екендігі анықталған. Сонымен қатар сотталушының үйін тінту кезінде сату мақсатынсыз аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтағаны белгілі болды.

Соттың үкімімен сотталушы Ч. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 300-бабының 2-бөлігі 3-тармағы және 296-бабының 4-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған төрт жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ, деп хабарлайды Жамбыл аудандық сотының баспасөз қызметінен. 

Соңғы жаңалықтар