Жамбыл облысында ерлі-зайыпты есірткі диллерлері ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жүргізілген арнайы операция барысында 6 келі героин тәркіленді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«17 сәуір күні Жамбыл облыстық ІІД Есірткі бизнесімен күрес басқармасы жүргізген ірі операция барысында героин таратудың ірі арнасы жойылды. 6 адам оның ішінде 2 ерлік-зайыпты есірткі диллерлері ұсталды», - деді департамент басшысы.

Оның айтуынша, операция барысында ведомстволық арнай жасақ бір уақытта әртүрлі 4 мекенжайды тінтіген.

«Ол мекенжайлардың әрқайсысынан есірткі заттары мен қылмыстық жолмен табылған ірі мөлшерде ақша табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы көлемі 6 келіні құрайды», - деді Алмас Садубаев.

Соңғы жаңалықтар