Жамбыл облысында ер адамға жай түсіп ажал құшты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оқыс оқиға Қордай ауданы маңында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«18 мамырда Қордай ауданының Кенен ауылынан  15 шақырым жердегі жайылымнан бақташының өлі денесімен бірге қой мен жылқының өлексесі табылды. Алдын ала анықталған мәліметтерге сәйкес, 42 жастағы ер адам және екі мал жай түскеннен опат болған», - деді Жамбыл облысының ТЖД баспасөз қызметі.

Оқыс оқиға бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар