Жамбыл облысында елімізге заңсыз келген 100-ден астам шетелдік ұсталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында «Мигрант» жедел-сауықтыру шарасын өткізу барысында 110 шетелдік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мигрант» шарасының бірінші күнінде Украина, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстанның 110 азаматы ұсталып, әкімшілік жауапқа тартылды. Бірінші күннің өзінде Қазақстан Республикасының аймағынан 42 шетелдік аластатылды. Сонымен қатар елден кету жөніндегі сот шешімін орындамаған шетелдікке қатысты қлымыстық іс қозғалды»,-деді Жамбыл облыстық ІІД сыртқы миграция жөніндегі бөлім басшысы Қанат Шаухаров.

Өңір аумағында жедел топтардың жұмысы ұйымдастырылып, оған ІІД-нің көші-қон қызметі, жергілікті полиция, криминалды полиция басқармасы, әкімшілік полиция қызметінің өкілдері тартылды. Олар заңсыз мигранттар жүруі мүмкін аймақтар мен жолаушылар және жүк көліктерін тексереді. Тексеру аймақтарына сонымен қатар, саяжайлар, шетелдіктердің жұмыс қүші пайдаланылуы мүмкін жаңа салынып жатқан құрылыстар, қоғамдық тамақтандыру орындары да жатады.

Операция барысында анықталған заңсыз көшіп-қонушыларды тексеру жұмыстары ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар