Жамбыл облысында екі аудан әкімі ауысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімінің өкімімен екі аудан басшысы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Шу ауданы әкімі болып Досаев Қайрат Әскербекұлы тағайындалды.

Қайрат Досаев 1965 жылы туған. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1987 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын «инженер-механик», 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «экономист» мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы Алматы қаласында «Казсельхозмеханизация» ғылыми-өндірістік бірлестігінің инженері болып бастаған. 1994-1996 жылдары «Алтын диірмен» АҚ-ның инженері, «Дешт» ЖШС-нің директоры, 1996-1998 жылдары Алматы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығының орынбасары, Алматы қаласы Бостандық ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің сектор меңгерушісі, бастықтың орынбасары, 1998-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының көмекшісі қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар, ол 2001-2007 жылдары Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Қаратал ауданының әкімі, Алматы облысының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау және тарифтер жөніндегі басқармаларының бастығы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі, 2007-2014 жылдары «Мекен» ЖШС-нің директоры, «2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетінің атқарушы дирекциясы» АҚ-ның департамент директоры, вице-президенті, «Казспортинвест» АҚ-ның вице-президенті, 2014-2017 жылдары Қордай ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар, облыс әкімінің өкімімен Байтөле Болатбек Байқонысұлы Қордай ауданының әкімі болып тағайындалды. 

Болатбек Байтөле 1959 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары. 1980 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын, 2001 жылы Қырғыз-Ресей білім беру академиясын бітірген. Еңбек жолын 1980 жылы Қордай ауданындағы Красногор аудандық агроөнеркәсіптік ұйымында аға экономист болып бастаған. 2012-2014 жылдары Қордай ауданының әкімі, Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасының басшысы, 2014-2017 жылдары Қордай ауданындағы «Нұр Бұлақ» шаруа қожалығының қаржы директоры қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар