Жамбыл облысында бизнесті қайта реттеу жұмыстары түсіндірілді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер палатасында отандық заңнамадағы өзгерістер туралы айтылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Кәсіпкерлер платасының кеңсесінде Салық кодексінің жаңа қосымшасын түсіндіру бойынша өңірдегі бизнесмендер мен экономистерге арналған екі күндік семинар өтті. 

 «Ұлттық экономика министрлігі мен «Атамекен» ҰКП табанды позициясының арқасында соңғы екі жылда бизнес субьектілерінің қызметін қатаңдату бойынша мемлекеттік органдардың 90 пайызға дейінгі ұсыныстары тоқтатылды»,-деді өңірдегі Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Раймжан Әбдірахманов. -Сонымен қатар Салық кодексінің шеңберінде әлеуметтік салық мөлшері 11 пайыздан 905 пайызға дейін төмендетіліп, жұмыс істеп тұрған бастапқы ҚҚС - 30 мың АЕК сақталып қалды».

Жамбыл облыстық Кәсіпкерлер палатасында бизнесті қайта реттеу бойынша көптеген жұмыстар атқарылғаны айтылды. Нәтижесінде тексерулер азайып, олардың басым бөлігі профилактикалық бақылаулармен алмастырылады.  Осыған сәйкес, мемлекеттік органдардың бақылау функциялары 30 пайызға, талаптардың көлемі 56 пайызға азаяды. 

Соңғы жаңалықтар