Жамбыл облысында балықшы суға батып кетті

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат -Балық аулауға барған Жамбыл облысының тұрғыны қайғылы жағдайда қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Бүгін, 6 наурызда түнгі бірлер шамасында балық аулауға кеткен жергілікті тұрғын Білікөл суына батып кетті»,-деп хабарлайды Жамбыл облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

41 жастағы балықшының мәйіті судан шығарылып полиция қызметкерлеріне тапсырылды. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның себеп-салдары анықталу үстінде.

Білікөл Жамбыл облысының Жуалы ауданында, Қарбастау ауылынан екі шақырым қашықтықта орналасқан.

Жергілікті ТЖД мәліметінше 2017 жылы аймақта 33 адам суға кеткен, оның 22-сі бала.

Соңғы жаңалықтар