Жамбыл облысында әскерден қашқан сарбаз іздестіріліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген жедел қызмет сарбазын іздестіру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

«21 қаңтарда 21450 әскери бөлімінің сарбазы, қатардағы жауынгер Ж.Бозбанов рұқсатсыз әскери бөлімнен кетіп қалды», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда әскери бөлімнің жеке құрамы, Гвардиялық гарнизонның әскери полиция бөлімі жергілікті ішкі істер органдарымен бірлесіп іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.  

Соңғы жаңалықтар