Жамбыл облысында аптап ыстық сақталады

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық ТЖ департаменті ескерту жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі ведомствоға сілтеме жасап.

«Қазгидромет» РМК бөлімшесінің ескертуі бойынша, 23 маусым күні Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағайлы жауын жауып, бұршақ түсуі мүмкін, оңтүстік-батыс желінің екпіні 15-20, ұйытқуы 28 м/с-ке дейін жетуі ықтимал», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Өңір аумағында жаздың бірінші айына тән емес 35-40 градусқа дейін қатты ыстық болатыны анықталды.

Жамбыл облыстық ТЖД тұрғындарға көмек сұрау үшін «112» нөмірі бойынша жедел қызметке хабарласу қажеттігін ескертті. 

Соңғы жаңалықтар