Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

29 наурыз күні Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті қызметкерлері Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Д. Әбдіхалық пен бұрын сотты болған А. Өтешбаевты ұстады.  

«Д.Әбдіхалық 1,2 млн теңге мөлшеріндегі параны А. Өтешбаев арқылы алуға оқталғаны үшін күдіктеліп отыр», - делінген хабарламада.

Ақшалай қаражат Тараз қаласындағы ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанды қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру (қоныс колониясы) мәселесін шешу үшін берілмек болған.

Қазіргі таңда екеуі де ұсталып, Тараз қаласындағы ІІБ-нің уақытша ұстау изоляторына жеткізілген.

«Іс бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қосымша ақпарат тергеуге байланысты жария етілмейді», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар