Жамбыл облысы энергетика және тұрғын үй басқармасына жаңа басшы тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтемемен хабарлайды.

«Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 15 ақпандағы №40-Ж/Қ өкімімен Алдамжаров Нұрлан Жанұзақұлы Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды» делінген хабарламада.

Алдамжаров Нұрлан Жанұзақұлы 1975 жылы туған, білімі жоғары.

1999 жылы Ташкент инженерлік ирригация және ауыл шаруашылығы механизациялау институтын «инженер-гидротехник» мамандығы бойынша бітірген.

1999-2008 жылдары мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда;

2008-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында жетекші маман, бас маман;

2012-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында бас маман, бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары болған. 

2014-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы;

2015-2016 «Нұр Отан» партиясы орталық аппаратының  партиялық бақылау қызметінің басшысы;

2016 жылдан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі  Су ресурстар комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар