Жамбыл облыстық прокуратурасында кадрлық ауыс-түйістер болды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облыстық прокуратурасында кадрлық ауыс-түйістер болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі қадағалаушы органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Бас прокурорының бұйрығымен Қожабаев Мақсат Аманқұлұлы Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалды», - деп мәлімдеді ведомстводағылар.

М. Қожабаев жоғары білімді Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде алған. Еңбек жолын 1997 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласы прокуратурасында тағлымдамадан өтуші болып бастаған. 1998 жылдан 2012 жылға дейін бірқатар аудан және облыс прокурорларының орынбасары лауазымдарын атқарып келген. 2012 жылдан 2016 жылға дейін Қызылорда және Жамбыл облыстарының экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменттерін басқарған. 2016 жылдың ақпанынан қазанына дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментін басқарды. М. Қожабаев қазіргі лауазымына тағайындалғанға дейін Ұлттық бюроның Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы болды.

«Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Прокуратурасына 20 жыл», «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Ерлігі үшін», ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін», «Қазақстан Республикасының Қаржы полициясына 20 жыл», «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медальдарымен, сондай-ақ ІІ дәрежелі «Прокуратура үздігі» және ІІ дәрежелі «Қаржы полициясының үздігі» төсбелгілерімен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар