Жамбыл облыстық ҚАЖ департаментінің басшысы мен оның 3 қызметкері сотталды

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Қызмет бабын асыра пайдаланып, жазасын өтеп жатқандардан пара алып, сотталғандарды ұрып-соққаны үшін Тараз қаласының № 2 соты қылмыстық-атқару жүйесінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Дидар Рахымбердиев пен оның 3 қызметкері Бақтияр Сартаев, Арман Аққожаев және Бақтияр Абдраимовты әртүрлі уақыт мерзіміне бас бостандықтарынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Ғани Тубаевтың айтуынша, ұсталған азаматтар жазасын өтеп жатқандарды пара беруге мәжбүрлеу үшін қызмет бабын асыра пайдаланған. Олар сонымен қатар сотталғандар үшін бөлінген бюджет қаржысын да жымқырумен айналысқан.

«Бүгінгі таңда ішкі істер органдары өзге салалармен салыстырғанда жемқорлық ең көп тараған ұжымдардың бірі болып отыр»,-дейді Тубаев.

Қылмыстық атқару жүйесінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің енді бұрынғы басшысы өзінің орынбасары мен түзеу колонияларының басшылары арқылы сотталғандарды «жоғары дәрежелі» және «әдеттегі» деп екі топқа бөлетін болған. Сотталғандардың екі топтың қайсысына жататындығы олардың қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты болған.

«Жоғары дәрежелі» топтағыларды олар ылғи пара беруге мәжбүрлеп келген. Осылайша, өте ауыр жемқорлық әрекеттеріне жол берген.

Осыған байланысты департамент бастығы қылмыстық-атқару жүйесінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Рахымбердиевке мал-мүлкін тәркілей отырып, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Оның үш қызметкері әскери шендерінен айырылып, 5 жылдан 8 жылға дейінгі аралықта бас бостандықтарынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар