Жамбыл облыстық ІІД полицейлер арасында атыс болғанын жоққа шығарды

None
None
ТАРАЗ. - Жамбыл облысының ІІД «полиция қызметкерлері арасында атыс болды» деген қауесетті жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Инстаграмдағы «eap» тобында автокөлік видетіркегішінде түсірілген ролик жарияланды, онда  Тараз әуежайына барар жолда патурльдік көліктегі полицейлер басқа патрульдік көлікті қуып бара жатқаны көрсетілген. Қашып бара жатқан көлікті жол шетіне тықсырған полицей тоқтаған көлікке қарай қаруын бағыттап тұрған. Тағы да бір полицей тоқтаған полиция көлігінің есігін ашпаққа әрекеттеніп жатады.

«Әлеуметтік желіде таралған видео 2 желтоқсанда Таразда өткен террорға қарсы оқу-жаттығу кезінде түсірілген, - деп мәлім етті Жамбыл облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. - Аталған оқу-жаттығу кезінде полиция қарулы қылмыскерлерді құрықтау бойынша дағдысын қайталады. Оқу-жаттығу басталғанға дейін облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі барлық БАҚ пен әлеуметтік желілерде оқу-жаттығу өткізілетіні және тұрғындарға арасында үрейге бой алдырмау жөнінде ақпарат таратылған болатын».

Соңғы жаңалықтар