Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -30 °С
Алматы: -12 °С
USD 324.27 EUR 398.27
RUB 5.73 CNY 50.68
Жаңалықтар

Жалған IELTS-пен оқуға түскісі келген қыз жазадан құтылды

2018 жылғы 12 қаңтар 19:31 654
Поделиться:
Жалған IELTS-пен оқуға түскісі келген қыз жазадан құтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық соты жалған IELTS куәлігімен оқуға түскісі келген бойжеткенге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот материалдарына сәйкес, 2016 жылы Астана қаласының тұрғыны белгісіз біреуден жалған IELTS куәлігін 300 000 теңгеге сатып алған. Осыдан кейін тиісті құжаттармен бірге білім беру мекемесіне тапсырып, шет тілі бойынша емтиханның бірінші кезеңіне қатыспауды көздеді.

«А. есімді қыз аталған қылмыстық құқық бұзушылықты 2016 жылы шілденің соңында жасады. Алайда ҚР Қылмыстық кодексінің 71-бабы, 1-тармағына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасалғаннан кейін бір жыл өтсе, айыпталушы жауапкершіліктен босатылады. Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының үкімімен А. қылмыстық жауапкершіліктен босатылды», - делінген соттың ресми хабарламасында.

 

 


Басты сөздер: Сот, Білім, Астана,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
Мұрағат