Жақып Асанов Жоғарғы соттың жаңа төрағасы ретінде қандай уәде берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Жоғарғы сотының жаңа төрағасы Жақып Асанов Қазақстан халқының сенімін ақтау үшін аянбай еңбек ететіндігін айтып, уәде берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ең басты құндылымыз - ол халықтың сенімі. Сондықтан барлық күш-жігерімді, білімді соған жұмсаймын. Қазір депутаттардың алдында соған уәде бердім. Меніңше, бұл үлкен бақыт, еліңе қызмет ету - үлкен мәртебе. Сондықтан қандай жауапкершілік екендігін жақсы түсінемін. Барымды салып жұмыс істеймін деп барлық Қазақстан халқына уәде беремін»,- деді Жақып Асанов кандидатурасын Сенат депутаттары қолдағаннан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Сонымен қатар Жақып Асанов ҚР Бас прокуроры ретінде біраз жұмыс атқарғанын да айтты.

«Ең алдымен прокуратураға қатысты конституциялық бап өзгерді. Қазір прокуратураның жаңа миссиясы, жаңа стратегиясы бар. 22 жыл өзгермеген заң өзгертілді. Біздің тарихымызда алғаш рет прокуратураның құрылымын Елбасы бекітті. Бұрын болмаған нәрсе, құрылым Кеңес Одағы кезінен өзгермей келе жатқан еді», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар