Жақып Асанов ТМД Бас прокурорларының үйлестіру кеңесіне қатысты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас Прокуроры Жақып Асанов Санкт-Петербургте өткен ТМД-ға мүше мемлекеттердің Бас прокурорлары үйлестіру кеңесінің 27-ші отырысы мен ШЫҰ мүше мемлекеттер Бас прокурорларының 15-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Бас Прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа ТМД және ШЫҰ елдерінің - Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Ресей, Үндістан, Қытай, Пәкістан жоғары қадағалау органдарының басшылары сондай-ақ бақылаушы мемлекеттерден Ауғанстан, Иран және Моңғолия өкілдері келген.

«Үйлестіру кеңесінің отырысы аясында Бас прокурор Жақып Асанов «Қазақстан Республикасындағы қылмыстық процесті жеңілдету және жеделдету» тақырыбында баяндама жасады. Ол Мемлекет басшысының құқық қорғау жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмасы аясында қылмыстық процессті оңтайландыру бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарының тәжірибесімен бөлісті», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

ШЫҰ талқылауының басты тақырыбы - «Заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жасалған қылмыстарға қарсы әрекет ету» болған. Сапар барысында Ж.Асанов ҚХР Бас прокуроры Цао Цзяньминмен екі жақты кездесу өткізген. Кездесу барысында өзара түсіністік және шекаралық ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылған.

«Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Бас Прокуроры Ю.Чайка және Ауғанстан Ислам Республикасының Бас прокуроры М.Хамидимен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында трансұлттық қылмысқа қарсы күрес саласындағы өзекті мәселелер талқыланды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар