Жақында 1911 жылғы санақта қазақ халқының саны 8 млн. болды деген дерек табылды - Смағұл Елубай

None
None
АЛМАТЫ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ашаршылықтан көз жұмған 4 миллион қазақтың рухына арналған бірде-бір ескерткіш жоқ.

Бұл жайлы кеше, Алматыда тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Жақында 1911 жылғы санақта қазақ халқының саны 8 миллион болды деген дерек таптық. Мырзатай Жолдасбеков ағамыз профессор Шолошниковтың Орынборда 1921 жылы шыққан кітабын берді. Онда қазақ халқының саны 1911 жылы 8 миллион болды деп көрсетілген. Бұған дейін біз алашшылардың ауызша айтқан дерегіне сүйенетін едік. 1926 жылғы санақта қазақтың саны 4 миллионға бір-ақ түсіп, қазақ жерінде 1939 жылы қазақ халқының саны 29 пайызға жетпей қалды. Алдымен демографиялық апат орын алып, содан кейін рухани апат басталды. Бұл демографиялық апат біздің ұлттық қасіретіміз болды", дейді жазушы Смағұл Елубай. Республикалық "Мемлекеттік тіл" қоғамдық қозғалысы төрағасы орынбасарының айтуынша, жалпы 1921-1922 және 1932 жылдары аштықтан 4 миллион қазақ көз жұмған.

Соңғы жаңалықтар