Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -21 °С
Алматы: -11 °С
USD 319.32 EUR 396.28
RUB 5.66 CNY 50.34
Жаңалықтар

Жақсылық бумерангы: Ыстық шәй мен тегін такси өскемендіктерге жылу сыйлады

2018 жылғы 24 қаңтар 01:53 765
Поделиться:
Жақсылық бумерангы: Ыстық шәй мен тегін такси өскемендіктерге жылу сыйлады

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат -Өскемен жастар орталығының еріктілері көшеге шығып, «Мейірім - жақсылық бумерангы» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Халық садақа қабылдау терминалдарына дайын ба Қайрат Нұртас ауыр дертке шалдыққан қыздың арманын орындады

Ерікті жастар орталық мешіт қызметкерлерімен бірлесіп, жеке автокөліктерімен суықтан тонған адамдарға ыстық шәй беріп, үйлеріне тегін апарып тастап жатыр.


Жақсылық бумерангы: Ыстық шәй мен тегін такси өскемендіктерге жылу сыйладыОған қоса, Өскеменде «Имам такси» деген жазу бар арнайы көліктер тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Жастар орталығының жетекшісі Ринад Ахметжановтың сөзіне қарағанда, бұл бастамаға қалалық мәслихат депутттары, «Жас Отан» жастар қанаты көшбасшылары мұрындық болған екен.


Жақсылық бумерангы: Ыстық шәй мен тегін такси өскемендіктерге жылу сыйладыАкция ертең де жалғасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін біз астаналықтар аязды күндері бір-біріне көмек қолын созып жатқандығы туралы жазған болатынбыз

Сондай-ақ, қатты аязға байланысты елорда мешіттері «Астана - мейрімді қала» акциясын бастады.

 


Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат