Жақияновпен айқастан соң Барнетт ауруханаға түсіп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Ирландия боксшысы Райан Барнетт қазақстандық былғары қолғап шебері Жанат Жақияновпен өткізген жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Сақ болу үшін Барнетт ауруханаға жатқызылды», деп жазды Twitter-ге The Times тілшісі Рон Льюис.

Еске сала кетсек, Жақиянов - Барнетт жекпе-жегінде төрешілер жеңісті солтүстік ирландиялыққа берген болатын. Валери Дорсетт есеп қағазына 118-110, Паскуале Прокопио - 116-112, Карлос Сукре - 119-109 нәтижелерін жазған. Осылайша, Барнетт бірінші жеңіл салмақтағы IBF белдігінің қатарын бұрын Жақияновқа тиесілі болып келген WBA (Super) титулымен толықтырды.

Соңғы жаңалықтар