Жағдайы төмен отбасыларға су құбыры тегін тартылды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Астрахан ауданындағы ұзақ жылдар бойы тіршілік нəріне зəру болып келген Каменка ауылына су құбыры тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тəуелсіздік мерекесі қарсаңында Ақмола облысының Астрахан ауданындағы ұзақ жылдар бойы тіршілік нəріне зəру болып келген  Каменка ауылында «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша салынған су құбырын іске қосу салтанаты шарасы өтті.
null 

Аудан орталығынан 51 шақырым қашықтықта орналасқан Каменка ауылында 500-ден астам тұрғыны бар.  Ауыл құрылған Кеңестік дəуірден бері тіршілік нəрін тасып ішті. Соңғы жылдары ауыз су Родина ауылынан тасымалданып келді. Енді ауылда ауыз су мəселесі оң шешіліп отыр.
null 

Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрлан Сейілов қатысып, ауыл тұрғындарын көптен күткен қуаныштарымен құттықтады.
null 

Аудан әкімінің сөзіне қарағанда, Каменка ауылына су құбырын тарту шаралары «Ақ бұлақ» бағдарламасы, кейін «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына енгізілді. Осының нəтижесінде ағымдағы жылы бюджеттен 400 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Бұл қаржыға ауылдың әр көшесіне қазіргі заман технология бойынша автоматтандырылған су құбырлары тартылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың ішіне су кіргізілді.

Əлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен əлеуметтік нысандардың ішіне су құбырын мердігерлер тегін тартып берді.

Соңғы жаңалықтар