Жабық кешендегі Азия чемпионаты: Кім қанша медаль алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Иран астанасы Тегеран қаласында өтетін жабық кешендегі Азия чемпионатына санаулы күндер ғана қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған додада Қазақстан намысын 25 жеңіл атлет қорғайды. Осыған орай ҚР Жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты аталған додада Қазақстан спортшылары қанша медаль жеңіп алғанын жария етті.

Федерация сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, бұл чемпионат 2004 жылдан бастау алады. Ең алғаш ұйымдастырған қала - осы Тегеран. Отандастарымыз осы жылдан бері қарай жеті рет айтулы додаға қатысып, жалпы 59 (20 алтын, 18 күміс, 21 қола) медаль жеңіп алды. Медаль саны жөнінен Қытайдан кейін екінші орында тұрмыз.

2004 жылы (Тегеран)

Ең алғаш Тегеранда ұйымдастырылған Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 (4 алтын, 2 күміс, 1 қола) медаль жеңіп алды. Жалпы командалық есепте Қытай мен Ираннан кейін үшінші орынға ие болды.

2006 жылы (Паттайя)

Ал 2006 жылы Таиландтың Паттайя қаласында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте топ жарды. Қытай мен Жапония құрамасын артқа тастадық.  Қоржынға 18 (7 алтын, 2 күміс, 9 қола) медаль түсті.

2008 жылы (Доха)

Дохадан 14 (4 алтын, 6 күміс, 4 қола) медаль бұйырды. Жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды.

2010 жылы (Тегеран)

Алғаш рет Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте үздік үштікке ілінбеді. Бұл жолы 4-орынды қанағат тұтуға тура келді. Иран астанасында 13 (3 алтын, 5 күміс, 5 қола) медаль еншіледік.

2012 жылы (Ханчжоу)

Қытайдың Ханчжоу қаласындағы жабық кешендегі Азия чемпионатында тағы да төртінші орынды қанағат тұттық. Бұл жолы медаль саны да, алтын да кеми түсті. Бар-жоғы 7 (2 алтын, 3 күміс, 2 қола) медальмен шектелдік.

2014 жылы (Ханчжоу)

2014 жылы тағы да жабық кешендегі Азия чемпионатын Ханчжоу өткізді. Жерлестеріміз мұның алдында қатарынан екі рет жалпы командалық  есепте төртінші алса, осы жолы үштікке ілінді. Медаль саны - 12. Оның төртеуі алтын болды.

2016 жылы (Доха)

Катар астанасы Дохада отандастарымыз жалпы командалық есепте үшінші орынға ие болды. Онда 10 медаль (4 алтын, 2 күміс, 4 қола) бұйырды.

Соңғы жаңалықтар