Зейнетақы қорының бұрынғы басшысы 12 жылға сотталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевқа қатысты үкім оқылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«БЖЗҚ» АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Руслан Ерденаев ҚР ҚК 189-бабының («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») 4-бөлігі 2-тармағымен және 366-бабының 4-бөлігімен («Аса ірі мөлшерде пара алу») айыпты деп танылды.

«Р. Ерденаевқа 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы берілді. Ол жазаны қауіпсіздігі барынша күшейтілген мекемеде өтейді. Сондай-ақ өмір бойы мемлекеттік қызметте, квазимемлекеттік секторда, Ұлттық банкте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Бұдан тыс, қылмыстық жолмен табылған меншіктері тәркіленеді. Жаза мерзімі 2016 жылғы 28 желтоқсаннан басталады», - деп оқыды үкімді судья.

Айта кетейік, тағы бес адамға қатысты «БЖЗҚ» АҚ қаражаттарын жымқыру және талан-таражға салу баптарымен іс қозғалған.

Соңғы жаңалықтар