Зейнетақы активтерінің 64,53% рейтингі жоғары қаржы құралдарына салынған - БЖЗҚ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -  Зейнетақы  активтердің 64,53% жоғары рейтингті қаржы аспаптарына орналастырылды, деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарыз құралдарының рейтингін айқындау кезінде мемлекеттің ең бағалы қағаздар рейтингі мен егеменді рейтингі қаралды, үлестік аспаптар рейтингі эмитент рейтингімен айқындалды, депозиттер рейтингі тиісінше екінші деңгейдегі банктің рейтингі бойынша бағаланды.

 «Бұл ретте, «рейтингтік бағасы жоқ бағалы қағаздар» (14,17%)  санатына жататын зейнетақы активтерінің портфелінде қарыздық қаржы аспаптары да көп жағдайда (шамамен  90%) кредиттік рейтингке ие эмитенттерге тиесілі немесе төлем қабілеті жоғары және тәуекел деңгейі төмен  қаржы институттарына жатады», деп атап өтті БЖЗҚ-дан.

БЖЗҚ деректеріне сәйкес, 2017 жылдың алғашқы үш айында таза инвестициялық табыс сомасы 51,45 млрд теңгені құрады.

Қай қаржы құралдарына және зейнетақы активтері қандай  мөлшерде инвестицияланғаны туралы егжей-тегжейлі есепті БЖЗҚ АҚ-ның  - www.enpf.kz ресми сайтынан көруге болады.  

Соңғы жаңалықтар