Зерендіде жылу құбыры жарылған-Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат-Ақмола облысының Зеренді селосында жарылған бір орталықтандырылған жылу құбыры қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс əкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың 17 қаңтарында кешкі сағат 20:00 шамасында Зеренді селосындағы орталық жылумен қамтамасыз ету жүйесінен ақау шығып, ыстық су сыртқа атқылаған. Бұл жағдай жылу жүйесіндегі температураның төмендеуіне əкеліп соқты.

Апат орын алған жылу құбырының тұсы жедел анықталып, оны жою жұмыстары қолға алынды. Оған 10 адамнан тұратын бригада жəне 2 бірлік арнайы техника (экскаватор, САК дəнекерлеу техникасы) жұмылдырылды. Апат орнында аудан әкімі Мереке Мұстафин болып, қалпына келтіру жұмыстарын бақылауға алды.

Апат салдарынан тек 1 тұрғын үй мен дəмхана ғимараты жылусыз қалды.

Сол күні түнгі сағат 23:00 шамасында аппат толық жойылды.

Соңғы жаңалықтар