Зеренді ауданындағы «Искорка» БСО қайта жаңғыртылады-Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Зеренді ауданындағы «Искорка» балалардың сауықтыру орталығы қайта жаңғыртылады. Бұл туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Жангелді Уəйісов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Оның сөзінше, 15 жылдай жұмыс істемей тұрған балалардың сауықтыру орталығына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін аудандық білім бөлімі тарапынан жобалық-сметалық құжаттар әзірленген.

null

«Ұзақ жылдар бойы бос қаңырап тұрған «Искорка» балалардың сауықтыру орталығын қайта жаңғырту жөнінде шешім қабылдап отырмыз. Күрделі жөндеу жұмыстарына қанша қаржы қажет екенін дəл қазір дөп басып айта алмаймыз. Дегенмен өз тарапымыздан тиісті жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп қойдық. Егер бюджеттен қаржы бөлініп жатса, жөндеу жұмыстарын бастап кетуге дайынбыз. Бұл аудандағы əкімдіктің балланысында тұрған балалардың демалып, сауығатын жалғыз орталығы. Мұнда санитарлық нормаларға сай бір ауысымда 70 баланың демалуына болады», дейді аудандық білім бөлімінің басшысы.

null

Еске сала кетейік, қазіргі кезде Зеренді ауданында «Сұңқар», «Мəлік Ғабдуллин» атындағы жəне «Барыс» тәрізді үш демалыс лагері жұмыс істейді.

null

Бұл лагерьлерде биылғы жылы барлығы 100-ге жуық бала демалған.

Соңғы жаңалықтар