«Зена» лақап атымен танымал ақтөбелік полицейге сот үкім шығарды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде «Зена» лақап атымен танымал жол-патрульдік полиция қызметкері Жаннат Ахметова өмір бойы мемлекеттік, құқық қорғау саласында жұмыс істей алмайды. Ол «аға лейненант» шенінен айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе облыстық Ішкі істер департаментінің жол-патрульдік полиция қызметкері Жанна Ахетова мен оның әріптесі Мирас Ибадуллаев Қылмыстық кодекстің «Лауазымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану» бабы бойынша айыпталды. Іс сотқа түскен соң екі полиция қызметкері тағылған айыпты толық мойындап, кешірім сұраған болатын. Олар Ж.Ахетова жалғызбасты ананы әкімшілік жауапкершіліктен құтқару үшін баспаханадан жаңа хаттама жасатып алады. Ал бұл істің басы-қасында жүрген әріптесі М.Ибадуллаев бәрін біле тұра заңсыздыққа жол берген.  Бүгін судья Күзембаева қысқартылған тәртіпте өткен іске үкім шығарды.

null

«Айыпталушы Жаннат Ахетова Қылмыстық кодекстің «Лауазымдық өкілеттіліктерді теріс пайдалану» бабы бойынша айыпты деп танылып, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалсын. Жеке мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік және құқық қорғау саласында жұмыс істеу құқығынан айырылсын. «Аға лейтенант» шенінен айырылсын. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай рақымшылық жасалып, бас бостандығын шектеу секілді негізгі жазасы алынып тасталады», - деді судья Күзембаева.

Ал оның әріптесі М.Ибадуллаев та рақымшылыққа ілігіп, тек өмір бойы мемлекеттік және құқық қорғау саласында еңбек ету құқығынан айырылды. 

Сот үкімі күшіне енген жоқ. 

Соңғы жаңалықтар