Зайсандықтар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтерлі болмақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында мемлекеттік бағдарлама аясында 60 пәтерлі екі тұрғын үй салынады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null
Жаңа тұрғын үйлерді жергілікті мердігер ұйымдар салуда. Жұмыстар жоспарға сай жүріп жатыр, 2018 жылдың сәуіріне қарай осы нысандар ел игілігіне тапсырылады. Жаңа үйлер үй кезегінде тұрғандарға беріледі.

Облыс әкімі Даниал Ахметов ауданға жасаған сапары барысында құрылыс алаңдарына барды. «Халық саны өсуде, тұрғын үйлер құрылысының көлемін ұлғайту керек. Ол үшін отандық өнеркәсіп базасын пайдалану, жергілікті тұрғындардың салымдарын, әсіресе «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» желісі бойынша тарту қажет», - деді Д. Ахметов.
null

Әкімнің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғын үй несиесін алу үшін осыған дейін 50 пайыз көлеміндегі бастапқы жарнаны құю керек болып келген, ал енді бұл сома 30 пайызды құрайды.

Соңғы жаңалықтар