Зайсанда Қытай экспортына бағытталған ет комбинаты салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы  «Нұр» ет зауыты алдағы уақытта Қытайға ет экспорттауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды altaynews.kz .

Жылына екі мыңнан астам бас мал етін өңдеп, оны саудаға шығаратын «Нұр» зауытының басшылығы қазір халықаралық талаптарға сәйкес келетін ет комбинатының құрылысын бастауды жоспарлап отыр.

Ауданы әкімі Темірбек Қасымжановтың айтуынша, зайсандықтар бұған дейін Қытайға 150 тонна балық етін экспорттаған. «Болашақта шұжық және консервіленген ет шығаратын цех ашуды да жоспарлап отырмыз. Жылына 330 мың тонна ет өңдеуге қауқарлы зауытта 20 адам тұрақты жұмыс істеуде», - дейді Темірбек Қасымжанов. 

Соңғы жаңалықтар