Зайсан көлінен заңсыз балық аулағандар ұсталды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Зайсан көлінен 111 келі балықты заңсыз аулаған топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмысты Тарбағатай ауданының тәртіп сақшылары анықтаған. Аудандық ішкі істер бөлімі мен жедел бөлімнің инспекторлары Шорға ауылының  тұрғындарын заңсыз балық аулау үстінде ұстаған. Олардан жалпы салмағы 111 келіден асатын көксерке, шортан, алабұға және мөңке балығы рұқсат етілмеген құралдар тәркіленді.

«Ұсталғандардың бұл әрекеті Қылмыстық кодекстің 335-бабының 3-тармағына сай заңбұзушылық болып саналады. Келтірілген шығын көлемі 301,5 мың теңге. Оқиға орнынан сегіз ау шықты.  Олар мінген УАЗ көлігінде мемлекеттік нөмірі болмаған. Қазір көлік аудандық ішкі істер бөлімінде тұр» - дейді табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының маманы Ақерке Тұрсынханова.

Соңғы жаңалықтар