Зарина Дияс Штутгартта негізгі турнирге жолдама алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның бірінші, әлемнің 52-інші ракеткасы Зарина Дияс Штутгарт турнирінде іріктеу сайысының финалында эстониялық Кайя Канепиді ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аса тартысты өткен матч барысында бірінші партияда Зарина 6:4 есебімен жеңіске жетті. Екіншісінде дүнрежүзілік рейтингте 61-інші сатыда тұрған Канепи дәл сол есеппен есе қайырды.

Шешуші, үшінші партияда Зарина бірден брейк жасап, алға шықты. Бұдан кейін өз мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ. Сөйтіп бұл партияны да 6:4 есебімен өз пайдасына жазды.  Осылайша 2 сағат 19 минутта созылған кездесуде қарсыласын тізе бүктірген З.Дияс негізгі турнирге жолдама алды. З.Диястың Штутгарт турниріндегі келесі қарсыласы кейін белгілі болады.

Жүлде қоры 816 мың АҚШ доллары тұратын Штутгарт жарысы 29 сәуірде аяқталады.

Бүгін жаңартылған рейтингте З.Дияс 48-інші орыннан 52-інші сатыға сырғып кеткен еді. Енді ұпайды көбірек иеленіп, рейтингісін жақсарту үшін Штутгарт турнирін барынша сәтті өткізу қажет-ақ.

Айта кетейік, Қазақстанның бірінші, әлемнің 95-інші ракеткасы Михаил Кукушкин Барселонада өтіп жатқан халықаралық турнирдің алғашқы айналымында дүниежүзілік рейтингте 129-ыншы орында тұрған испаниялық Марсель Гранольерстен 2:6, 2:6 есебімен ұтылып  қалды. Енді М.Кукушкин үздік жүздіктің қатарынан шығып қалатын шығар. 

Соңғы жаңалықтар