Зарина Дияс Штутгарт турнирінің екінші айналымына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан турнирдің алғашқы айналымында Қазақстанның бірінші, әлемнің 52-інші ракеткасы Зарина Дияс корт иесі Карина Виттефтпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Негізгі жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған Зарина дүниежүзілік рейтингте 56-ыншы орында тұрған қарсыласын бірінші партияда 6:3 есебімен ұтты.

Екінші партияда есеп 2:2 болып тұрған мезетте қазақстандық теннисші брейк жасай білді. Содан кейін қарқынын күшейткен Зарина қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Сөйтіп 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бұдан бір ай бұрын З.Дияс дәл осы теннисшіні Майами турнирінде де тізе бүктірген болатын.

Штутгарт турнирінің ширек финалына шығу үшін Зарина әлемнің бесінші ракеткасы, латвиялық Елена Остапенкомен таласады.

Айта кетейік, Будапешт турнирінде бүгін қазақстандық Александр Бублик Германия елінің тағы бір өкілі  Ян-Леннард Штруфтан 1:6, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Ал Юлия Путинцева Ыстанбұл турнирінде франциялық Полин Пармантьемен күш сынасады.

Бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетіп жатқанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар