Зарина Дияс Қытайдағы турнирдің финалында сүрінді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайда өтіп жатқан ITF турнирінің финалында сүрінді. 

Ақтық матчта ол қытайлық Чжен Сайсайға есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сеттердің әрқайсысында корт «иесі» біздің теннисшіден біршама басым  болды. Нәтижесінде 7:5,  6:4 есебімен Чжен жеңіске жетті.

Еске салайық, Зарина Дияс турнирдің жартылай финалында Ресейден келген аустралиялық қарсыласы Арина Родионованы 6:2, 6:3 есебімен ойсырата жеңген еді .  

Соңғы жаңалықтар