Зарина Дияс халықаралық турнирдің финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші, әлемнің 100-ші ракеткасы Зарина Дияс халықаралық Токио турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Myscore.ru сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Зарина жартылай финалда америкалық, әлемнің 62-інші ракеткасы Кристина Макхэйлмен шеберлік байқасты. 2 сағат 10 минутқа созылған кездесудің бірінші партиясында З.Дияс 6:4 есебімен басым түсті. Екінші партияда америкалық теннисші 6:0 есебімен есе қайырды. Есесіне шешуші, үшінші партияда Зарина 6:3 есебімен жеңіске жетті.

17 қыркүйекте өтетін финалда Зарина жапониялық Мию Като немесе хорватиялық, жиырма жасар Яна Феттің қай жеңгенімен кездеседі.

Бұл - Заринаның спорттық жолындағы WTA турниріндегі екінші финалы. Бұдан бұрын 2014 жылы Жапонияның Осака қаласында өткен жарыста атақты австралиялық теннисші Саманта Стосурға жол берген болатын.

Еске сала кетейік, Токио турнирінің жүлде қоры 226 750 АҚШ долларын құрайды.

Соңғы жаңалықтар