Зарина Дияс Дубайдағы турнирдің іріктеу финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс (WTA рейтингінде 54-орында) Дубайдағы (БАӘ) Premier сериялы турнирінің іріктеу финалына өтті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Турнирдегі екінші ойында жерлесіміз ресейлік Вероника Кудерметованы  (237) 6:0, 7:5 есебімен жеңді.

Бұл қарсыластар арасындағы ең алғашқы матч еді.

19 ақпанда Зарина іріктеу финалында украиналық Леся Цуренкомен (40) күш сынасады.

Қазақстандық теннисшінің қарсыластармен ойынының есебі 2:0.

Матч Астана уақытымен сағат 14:30-да басталады.

Соңғы жаңалықтар