Зардап шеккен баланың суреті мен жеке мәліметін таратқандарға айыппұл салынады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда БАҚ-та және телекоммуникацияның басқа да желілерінде құқыққа қарсы әрекеттен зардап шеккен бала туралы ақпарат жарияланса, 200 АЕК-ке (450 мың теңгеден астам) дейін айыппұл салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұндай норма бүгін Мәжілісте таныстырылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған.

Атап айтқанда, заң жобасы бойынша аталған құқыққа қарсы әрекет үшін салынатын айыппұлдардың сомасы көрсетілген.

Мысалы, құқыққа қарсы әрекеттен зардап шеккен баланың фотосуреттері мен жеке мәліметтерін таратқан жеке тұлғаларға 5 АЕК көлемінде, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 25 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне -50 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 100 АЕК мөлшерінде айппұл салынуы мүмкін.

Егер де бір жылдың ішінде әкімшілік жаза белгіленгеннен кейін аталған жағдай қайталанса, жеке тұлғаларға- 50 АЕК, лауазымды тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға - 50 АЕК, орта кәсіпкерлік субъектілеріне -100 АЕК, сондай-ақ ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 200 АЕК көлемінде айыппұл салу ескерілген.

Соңғы жаңалықтар