Заңсыз діни уағыз таратқан Петропавл тұрғындарына айыппұл салынды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО ІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткен жылы  дінге қатысты 20 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалпы сомасы 2 млн теңгені құрайтын 50 ден 300 АЕК шамасында 13 адамға айыппұл салынды. Мысалы, Петропавл қаласының екі тұрғыны ешқандай тіркеусіз дінді уағыздау жұмыстарымен айналысқан. 

«Сот шешімімен олар кінәлі деп танылып 100 АЕК әкімшілік айыппұлға  тартылды. Әкімшілік өндіріс материалдары көрсеткендей, олар «Иегова Куәгерлері» ұйымының атынан пәтер аралап, тұрғындарға діни уағыз таратқан», деп жазылған баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

СҚО ІІД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Руслан Мұхамбетжановтың айтуынша, мұндай рейдтер жиі өтіп тұрады.

Соңғы жаңалықтар