Заңдастырылған мүлік 5,7 трлн. теңгені құрады - Сұлтанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қаржы министрлігінің алқа отырысын өткізген ведомство басшысы Бақыт Сұлтанов осы уақытқа дейін заңдастырылған мүліктің құны 5,7 трлн теңгеге жеткенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елбасының тапсырмасы аясында, капиталды жария ету акциясы нәтижелі аяқталды. Заңдастырылған мүліктің мөлшері алдын ала жоспарлаған болжамнан әлдеқайда көбейіп, 5,7 трлн. теңгені құрады», - деді Сұлтанов.

Сұлтановтың айтуынша, заңдастырудың артық жоспары дағдарысқа қарсы шаралар мен  салықтық әкімшілік деңгейін көтеруге бағытталған шаралардың арқасында қол жеткен. Қаржы министрінің айтуынша, ведомствоның ендігі мақсаты одан әрі мониторинг жүргізу және бюджеттің орындалу рәсімдерін ықшамдау, әкімшілік кедергілерді қысқарту және салықтық әкімшілікті жақсартуға саяды.

Соңғы жаңалықтар