Заңдастырылған ақша бюджетке қанша пайда түсіретіні белгілі болды

None
None
АСТАНА.  ҚазАқпарат - Заңдастыру аясында айналымға енгізілген ақша жыл сайын бюджетке салық түрінде 150 млрд теңге қосады. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Руслан Бекетаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Индустрияландыру және экономикалық өсу» үшінші бағыты шеңберінде 2016 жылы біз мүлікті және ақшалай қаражатты жария ету рәсімін ойдағыдай аяқтадық . Жария етуді 140 мыңнан астам азамат пайдаланып үлгерді, ал экономикалық айналымға 5,7 трлн теңге, оның ішінде ақшалай қаражатпен 4,1 трлн теңге және мүліктік 1,6 трлн теңге қосылды. Заңды айналымға 4,1 трлн теңге ақшаны тарту жылына шамамен 150 млрд теңге салық соманы өндіреді»,-деді ол Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, жылжымайтын мүліктің жария етілген 151 мың нысаны ішінде 9,5 мыңы есепке коммерциялық жылжымайтын мүлік ретінде қойылды. Бұл шамамен жылына 800 млн теңгеге мүлікке салынатын салық түсімін ұлғайтады.

Соңғы жаңалықтар