Заң жобасы: Қылмыс расталмаса істі басқа фактімен қазбалауға жол берілмейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының ескертуіне орай, қай фактімен іс қозғалса, тергеу тек сол бағытта жүретін болады.  Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Жақып Асанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Осы сессия ашылғанда Елбасы бізді қатты сынады. Сонда бізге: «бір факті бойынша істі бастайсыңдар, кейін дәлел таппайсыңдар, сосын басқа жағын қазбалай бересіңдер» деп айтқан еді. Ол расында да солай. Сондықтан заң жобасы бойынша бұл тәжірибе мүлдем тоқтатылады. Енді қай фактімен іс қозғалса, тек соның аясында тергеу жүргізіледі. Бұл адам құқығын күшейтуге қатысты болып отыр», - деді Бас прокурор құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғыртуға бағытталған заң жобасы бойынша баяндамасында. 

Талқылаудан кейін палата депутаттары заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Естеріңізге сала кетейік, биыл қазан айында Мемлекет басшысы Конституцияның 61-бабының 1-тармағына сәйкес Парламент Мәжілісінің қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын енгізді.

 

Соңғы жаңалықтар