Замбияда 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Замбияның солтүстік-шығысында Конго Демократиялық Республикасы мен Танзания шекарасына жақын маңда 6,1 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды trend.az.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) хабарлауынша, дүмпулер жергілікті уақытпен түнгі 12-00-де болған. Жер сілкінісінің эпицентрі Капута елді мекенінен шығысқа қарай 41 шақырым жерде орналасқан.

Әзірге зардап шеккендер мен қаза тапқандар жайлы ақпарат келіп түспеді

Соңғы жаңалықтар