Зағипа Балиева: ҮЕҰ-ларды балалар үйіне жолатпау керек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Ақтөбе облысындағы видеоконференцияда балалар үйіне үкіметтік емес ұйымдарды жақындатпау керектігін айтты етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Мен «Аналар үйіне» бардым - онда өрт сатысы жоқ. Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы да мәз емес. «Ана үйі» қорының барлық балалар үйі жеке секторларда орналасқан. Ол үйлерде ең көбі 10 отбасы мүшесі тұра алады. Олар ғимаратты меценаттардың арқасында жалдап тұруда, бірақ ол үйлерге балалары бар 30-ға жуық ана орналастырылып жатыр. Екі-үш қабатты жеке үйлер. Өрт сатысы да, қосымша шығар есік те жоқ. Барлығы бір немесе екі жуынатын бөлмені қолданып жатыр», - деді З.Балиева.

Омбудсменнің айтуынша, ол Білім және ғылым министрлігіне осындай үйлерде тұру талаптарын жасау қажеттігі туралы хат жазған.
З.Балиева қазіргі таңда балалары бар әйелдерді орналастыру үшін «сәбилер үйінде» қажетті орын бар екендігін атап өтті.

«Мен Балалар құқығын қорғау комитетінен тағы да сұраймын - бір де бір балалар үйінде балалар үйі ұжымынан басқа, қандай да бір қорлар, үкіметтік емес ұйымдар, басқа да ұйымдар болмауы керек», - деп атап өтті З.Балиева.

Соңғы жаңалықтар