Зағипа Балиева Білім министріне балаларды жақсы көруді үйренуге кеңес берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева Білім және ғылым министріне балалар мен мұғалімдерді жақсы көруді үйренуге кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз балаларды кімге сеніп тапсырып отырмыз? Бірінші кезекте, тәрбиешілер мен мұғалімдерге. Мен бүгін министрдің баяндамасында кадрлар қалай дайындалатындығын, педагогикалық жоғары оқу орындарына түсуде қандай қызығушылық бар екендігін естимін деп ойлаған едім. Проблемалар тек санда ғана емес, сонымен қатар сапада бар. Бұл проблеманы Білім және ғылым министрлігімен біз де бірлесе шешуге қосылайық. Білім министрі - ол елдегі бірінші мұғалім, осы орайда министр сіз балалар мен мұғалімдерді жақсы көруді үйренуіңіз керек», - деді Балиева Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Депутаттың пайымынша, саладағы кез келген жаңашылдық балалармен, кейін мұғалімдермен келісілуі керек, тек содан соң ғана эксперимент жүргізіп, енгізуге мүмкіндік берген жөн.

«Білім және ғылым министрлігі өзінің жұмысын қайта қарап шығады деп ойлаймын. Реформаларды ат үсті істеуге болмайды. Тез арада бірлескен жұмыс тобын құруды ұсынамын», - деді ол.

Сонымен қатар Балиева ҰБТ бағытында кейбір тұстарды жетілдіру керектігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар