Зағипа Балиева: Балалардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайы ОҚО-да көп тіркеледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева балалар суициді секілді түйткілді ауыздықтауға бағытталған жобалардың маңыздылығын айтып берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Айта кетсек, БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстанда балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу жəне заңға тартылған балалардың мəселелерін шешу үшін екі коммуникациялық науқанды бастады. Коммуникациялық жобалар бала тəрбиесі мəселесінде қоғам мен ата-аналардың тəжірибесіндегі əдіс-амалдарды, жайсыз əлеуметтік нормаларды өзгертуге бағытталған. Бірінші коммуникациялық кампания жас ата-аналардың, сондай-ақ осы мəселеге келгенде зорлық-зомбылыққа жол бермеу амалы бойынша қоғамның білім-білігін арттыруды көздейді. Ал екінші кампания заңға тартылған балалардың құқығын қорғауға бағытталған. Коммуникациялық кампания Қазақстанның алты облысында, атап айтқанда Астана мен Алматы қалаларында, ШҚО, ОҚО, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында басталады.

«Аталмыш облыстарды тектен-текке таңдап отырған жоқпыз. Жылма-жыл көрсеткіштерге қатысты балалардың өз-өзіне қол жұмсау жағдайын нақты санмен айтып бере аламын. Қайғылы жағдайлар бойынша Маңғыстауда бір жағдай, Қызылордада бес жағдай тіркелген. Бүкіл Қазақстанда 167 жағдай орын алған. Суицид жағдайының ең көбі Оңтүстік Қазақстанда тіркелген. Жобаға Алматы мен Астананы таңдап алған себебіміз - екеуі де флагман. Жағдай тұрақты болса да, екі ірі қалада қайғылы жағдайлар тіркеліп тұрады», - дейді Зағипа Балиева Астанада өткен жиында.
null 

Мәжілісмен балаларға арналған клубтар мен үйірмелер жеткілікті болғанымен, жас жеткіншектер неліктен мұндай қадамға барып жататынын өзекті мәселе ретінде көтерді. Сонымен қатар, ол балаларға қарсы зорлық-зомбылық жағдайы бойынша көрсеткішті келтірді.

«Ең көп қайғылы жағдай бұл санатта да ОҚО-да тіркелді. Ол өңірде ең көп халық пен балалар тұратындықтан, біз осы жобаларға Оңтүстік Қазақстанды қосып отырмыз. Маңғыстау облысын жағымды тәжірибе ретінде науқанға енгіздік. Өңірлердің көрсеткіштерін салыстыра отырып, бүкіл Қазақстанда осы жобаны жүзеге асыратын боламыз», - дейді Зағипа Балиева.

Соңғы жаңалықтар