Зағип және көзі нашар көретін велосипедшілер Алматыдан Астанаға бет алды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыға «Қос Астана» бірегей веложарысының қатысушылары келді, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«Акцияның ерекшелігі сол, «Алматы-Астана» бағытымен зағип және нашар көретін велосипедшілер жүреді. Бұл адам мүмкіндіктерінің шексіз екенін кезекті рет көрсетіп отыр», - деді мекеменің баспасөз қызметі.

Қарағанды облысының шекарасында веложарыс қатысушыларын жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері күтіп алды. Полиция велосипедшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп шығарып салады.

«Қос Астана» бірегей веложарысы Алматының 1000 жылдығына арналған. Он күнде қатысушылар 1200 шақырымды бағындыруы тиіс. Зағип және нашар көретін велосипедшілер жанында жол бастаушы спортшы бар, олар бірге еріп келеді. 

Соңғы жаңалықтар