Зағип жандар қоғамдастығы Петропавл түзету мекемесінде концерт өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Облыс орталығының зағип жандар қоғамдастығы көркемөнерпаздар үйірмесінің мүшелері алғаш рет ЕС-164/3 (СҚО, Петропавл қ, жалпы режім) түзету мекемесінде концерт қойды.

Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінен хабарлады.

«Петропавл қаласының зағип жандар қоғамдастығының өкілдері ескі әндерді орындады. Мүмкіндігі шектеулі жандар жазасын өтеушілерге ата-ана үйі, отбасы және жақын жандар туралы әндер айтты», - деп атап өтті ЕС-164/3 түзету мекемесінің психологі Татьяна Романенко.

«Мұндай кездесулер сотталғандар үшін позитивті көңіл-күй береді. Бостандығынан айырылуымен байланысты психологиялық және моральдық қиындықтардан өтуге септеседі», - деп қосты ол.

Соңғы жаңалықтар