Зағип балалардан құралған «Сәт» тобы концерттеріне шақырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 7 қазаны күні Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Сәт» тобының «Өмірге ғашықпын» атты ән кеші өтеді.

Кеш қонақтары Асхат Тарғын, Маржан Арапбаева және тағы да басқа ел жұлдыздары.

«Сәт» тобын білмейтін жан кемде-кем шығар. Шымкенттік «Сәт» тобы бұрын Азат, Тұрар, Сапарбай есімді көз жанарларынан айырылған жiгiттерден құралған трио едi. Үш бала да  «Үміт» мектеп-интернатында кішкентайынан бірге өскен. Олардың алғаш үлкен сахнада айтқан, кейін клип болып түсірілген Мұқағали Мақатаевтың «Көнеміз ғой» өлеңіне жазылған әндері барша қазақ жұртының жүрегін елжіретіп, көздеріне жас толтыратын. Бүгінде олар өз алдарына отау құратын жаста. Триодағы Тұрар өнердегі жолын уақытша тоқтатуға шешім қабылдағандықтан «Сәт» ендігіде дуэт болды.

Айта кетейік, «Сәт» тобы құрылғалы бері талай жүлдені еншіледі, талай елді таңдай қақтырып үлгерді. Жүлделер тізбегі 2008 жылы Астанада өткен республикалық байқаудан басталған. Кейін  Санкт-Петербор қаласында 11 мемлекеттің әншісі сайысқан байқауда үздік атанды. 2009, 2011 жылдары «Самғау» ұлттық сыйлығының иесі, 2011 жылы «Ең үздік орындаушы» атағына лайық деп танылған.

Сондай-ақ РФ Еңбек сіңірген әртісі Диана Гурцкаяның ұйымдастыруымен өткен «Белая трость.Без границ» атты зағип балалардың халықаралық қайырымдылық фестивалінде «Сәттің» жігіттері тамаша өнер көрсетіп, Мәскеу сахнасында Лариса Долина, Игорь Николаев, Дмитрий Маликовтармен бірге ән шырқады. 
 
null  

Соңғы жаңалықтар