ЮНИСЕФ балалар құқығын қорғау мақсатында Қазақстанда екі жобаны бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстанда балаларға қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу жəне заңға тартылған балалардың мəселелерін шешу үшін екі коммуникациялық науқанды бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Коммуникациялық науқандар бала тəрбиесі мəселесінде қоғам мен ата-аналардың тəжірибесіндегі əдіс-амалдарды, жайсыз əлеуметтік нормаларды өзгертуге бағытталған. Сонымен қатар, халықаралық стандарттарға сəйкес тың жобалар арқылы заңды құқық жүйесінде балаларға деген достық қарым-қатынасты жақсарту көзделген. Оның мерзімі үш жылға созылады. Алғашқы жылдары коммуникациялық кампания Қазақстанның алты облысында, атап айтқанда Астана мен Алматы қалаларында, ШҚО, ОҚО, Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда облыстарында басталады. Алдағы уақытта бұл науқанды бүкіл Қазақстанда жүргізу жоспарлануда.

Жоба аясында ЮНИСЕФ келешекте адам құқығы бойынша уəкілмен, бала құқығы бойынша уəкілмен, Бас Прокуратурамен, əкімдік пен Қазақстандағы өзге де мемлекеттік құрылымдармен, ҮЕҰ жəне бизнеспен серіктестікті нығайтпақ. Жалпы, коммуникациялық кампанияны жүзеге асыру Қазақстандағы Еуропа одағы өкілдігінің қолдауымен жүргізіледі.

«Кампанияға сəйкес əр түрлі шаралар өткізу, əлеуметтік роликтерді шығару, əлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы жұмысты күшейту қарастырылған. Біздің мақсат - балаларға деген қатігез қарым-қатынастың зияндығын түсіндіру ғана емес, əлеуметтік нормаларды өзгерту, демек балаларға деген зорлық-зомбылыққа қатысты төзушілікті нөлге теңеп, балаларға тəрбие беру дағдысын дамыту» - дейді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Юрий Оксамитный.

Оның айтуынша, аталған екі жоба ұлттық құрылымдар және ҮЕҰ-мен бірге жүзеге асырылады.

«Қоғамда қалыптасып қалған нормаларды аз уақыттың ішінде өзгерту мүмкін емес екенін түсініп отырмыз. Бірақ мақсатты орындауда өзгерістерге серпін бере алатынымызға сенімдіміз» - дейді ол.
null 

Бірінші коммуникациялық кампания жас ата-аналардың, сонымен қатар осы мəселеге келгенде зорлық-зомбылыққа жол бермеу амалы бойынша қоғамның білім-білігін арттыруды көздеп отыр. ЮНИСЕФ пен Адам құқығы бойынша уәкілдік жүргізген зерттеу қорытындысы үйде де, интернаттарда да балаларға зорлық-зомбылық көрсету жағдайлары тіркеліп тұратындарын көрсеткен. Нақтырақ айтқанда, ересектердің 75 пайызы отбасындағы балаларды тыңдату үшін соғып жазалауды құп көретін көрінеді.

Ал екінші кампания заңға тартылған балалардың құқығын қорғау және оларды қорғауға бағытталған. 2006 жылға қарағанда 2016 жылы балалар қылмысы 2 жарым есеге азайған. Алайда заң шеңберінен шығып кеткен балалардың оңалту мәселесі әлі де өзекті күйінде қалып тұр. 

Соңғы жаңалықтар