ЮНЕСКО штаб пәтерінде «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» атты кітап көрмесі өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы ЮНЕСКО штаб пәтерінде «Болашаққа бағдар - рухани жаңғыру» атты кітап көрмесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Көрме ЮНЕСКО ұйымының аясында өтетін өтетін «Қоғамдық сананы жаңғырту: қазақстандық жол және Н.Назарбаевтың үлгісі» конференциясына барысында өткізіледі. Оның басты мақсаты - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының: «Латын әліпбиіне көшу», «Жаңа гуманитарлық білім», «Туған жер», «Қазақстаның киелі географиясы», «Жаһандану заманындағы Қазақстанның заманауи мәдениеті», «Жүз жаңа есім» негізгі бағыттарын насихаттау. Сол арқылы қазақ халқының мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін, тарихи жерлерін және Тәуелсіз Қазақстанның даму жолын кезеңдер бойынша көпшілікке таныту.

Кітап көрмесі 4 негізгі тараудан тұрады, олардың әрқайсысы Н. Назарбаевтың еңбектері, сирек және  бірегей баспалар, латын әліпбиіндегі баспалар, қазақ және қазақстандық ақын-жазушылардың, оның ішінде Абайдан бастап заманауи қазақ проза мен поэзиясына дейінгі туындылар арқылы таныстырылады.

Латын әліпбиіндегі 1929 және 1940 жылдар аралығында жарық көрген кітаптар бөлек бағыт бойынша ұсынылады. Бұнда тұңғыш латын әліпбиі графикасындағы тіл ғылымы туралы зерттеулер, Абай шығармалары, Ахмет Байтұрсынұлы және Сәкен Сейфуллин сынды репрессия құрбаны болған қайраткерлердің туындылар болады.

Көрмеде 100-ге жуық ағылшын, француз, қазақ тілдерінде және латын әліпбиіндегі кітаптар ұсынылады.

Еске сала кетсек, Париж (Франция) қаласындағы BULAC Шығыс тілдері мен мәдениеті институты кітапханасында Қазақстан әдебиеттері орталығы ашылады.

Соңғы жаңалықтар