ЮНЕСКО Атқару кеңесі бас директорды сайлай алмады

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Атқару кеңесі (ЮНЕСКО) дүйсенбі күні бірінші турда ұйымның жаңа бас директорын сайлай алмады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС-қа сілтеме жасап.

Үміткерлердің бір де біреуі бірінші кезеңде қажетті қолдауға ие бола алмады.

Сейсенбі күні кеңестің 58 қатысушы-елі қайта жиналады. Әзірге бірінші турдың нәтижесі бойынша катарлық үміткер көш бастады. Алайда, ол жеңіске жету үшін тиісті 30 дауысқа ие бола алмады. Алғашқы үштікке Франция мен Египет кірді.

Кеңестің ережесі бойынша, қажет болған жағдайда сайлаудың бес туры өткізіледі. Егер соңғы раундта да жеңімпаз анықталмаса, бас директор жеребемен таңдалынады.

Алғашқыда ЮНЕСКО бас директоры қызметіне тоғыз үміткер ұсынылды, кейін Гватемала мен Ирак қосылды. Осылайша, қазіргі таңда сайлауға Әзербайжан (Әзербайжанның РФ-тегі елшісі, композитор және ғалым Полад Бюльбюльоглы), Қытай (ЮНЕСКО бас директорының білім беру мәселелері жөніндегі орынбасары, дипломат Цянь Тан), Египет (құқық қорғаушы және отбасы істері жөніндегі бұрынғы министр Мушира Хаттаб), Ливан (мәдениет министрінің кеңесшісі Вера Эль-Хури Лакёй), Вьетнам (СІМ басшысының орынбасары Фам Суан Шон), Катар (бұрынғы мәдениет, өнер және мұра министрі Хамад бин Абдулазиз аль-Кавари), Франция (бұрынғы мәдениет және коммуникациялар министрі Одри Азуле).

Атқару кеңесі сайлауды жұмаға, 13 қазанға дейін аяқтайды деп жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар